
Өмірбаян
Сарсенов Серик Турарович 26.08.1965 жылы Түрікменистан Республикасы, Ташауз облысы, Тельман ауданында дүниеге келді. Жеті жасыма дейін аке-шешемнің қолында тәрбиеленген. 1972 жылы аталған ауданның №73 орта мектебінің бірінші сыныбына бардым. Пионер, содан кейін 1980 жылы комсомол қатарында болды. 1982 жылы аталған мектепті бітірді. 1983 жылы Түрікмен мемлекеттік пединститутына оқуға түсті. 1984-1986 жылдар Кеңес Армиясында қызмет етті. 1990 жылы ТМПИ-тты аяқтап, Тельман ауданында №2 орта мектепте география пәні мұғалімі ретінде еңбек жолын бастады.1995 жылы Жаңаөзен қаласына көшіп келді.
1995-1998 жылдар аралығында №7 орта мектепте мұғалім, 1998-2000 жж №3 орта мектепте директордың орынбасары, 15.06.2000 жылдан бастап №14 орта мектеп директоры, 18.01.2002 ж – 31.08.2007 жылдары қалалық білім бөлімінің бастығының орынбасары, 01.09.2007 жылы №17 орта мектеп директоры, 01.09.2009 жылы мектебінің әдіскері, 2010-2011 жылдар ЖШС «ASIYA» мекемесінің директоры, 24.09.2011-15.01.2018 жылдары №17 орта мектеп директоры, 2018 жылдың 15.01 бастап күні бүгінге дейін №6 орта мектеп директоры. Жанұялы: жолдасы Нураева Ұлболсын №16 бастауыш мектебінің оқытушысы. Екі ұл, үш қыз,үш немере тәрбиелеп отыр.