2023-2024 оқу жылында мектебімізде білім күніне орай 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін,ойлау қабілеттерін дамыту.
2-4 сыныптар арасында «Жазғы каникулдан жарқын естелік», «Менің жазғы демалыстағы көңілді сәттерім» сынып сағаттары өткізілді. Сабақ барысында сынып жетекшілер дайындаған бейнероликтер ұсынды. Жазғы демалыстарын қалай және қайда өткізгендігін оқушылар қуана-қуана бөлісті.






5-8 сыныптар арасында «Менің саяхатым», «Менің туған өлкем», «Жазғы демалыстар мен жасаған игі іс» тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды.



9-11 сыныптар арасында «Менің үлкен сыныптарым», «Менің ойларым,армандарым,үміттерім», «Болашақ менің қолымда» тақырыптары бойынша сынып сағаттары өткізілді.



