Рубрики
Жаңалықтар

«Мектебім-мейірім  мекені» атты білім  күні мерекесінеорай өткізілген  іс-шара мәліметі

2023-2024 оқу жылында мектебімізде «Мектебім-мейірім мекені!» атты білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.  Жиынға ұстаздар,ата-аналар, оқушылар және арнайы шақырылған қонақтар Жаңаөзен қалалық маслихатының төрағасы Байжанов Ғалым Ұлықпанұлы және Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Табынчаев Осербай Рысбаевич қатысты. Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Гимні орындалды. Жиынымызды мектеп директоры Сарсенов Серік Тұрарұлы сөз сөйлеп, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер құттықтады.  Салтанатты жиын барысында мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, тақпақтарын арнады. Мерекеге келген қонақтарымыз ата-аналарды,мектеп ұжымын, 1 сынып оқушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап жылы лебіз білдірді.

https://www.instagram.com/reel/CwpXJMXsUeL/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==