Рубрики
Жаңалықтар

ОҚУ -ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні мектебімізде 2023-2024 оқу жылында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ «ОҚУ -ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ» әдістемелік нұсқау хатпен сынып жетекшілерді таныстыру,енгізілген өзгерістерді талқылау, тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша жиналыс өткізілді. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басты бағыт- балаға қамқорлық пен құрмет көрсету,сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.  Сынып жетекшілері ұсынылған сынып сағаттарының тақырыбын таңдауда және сынып сағаттарының мазмұнын әзірлеуде білім алушылардың жас ерекшелігін,олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін және өңірдің сұранысын ескеруі қажет.