Рубрики
Жаңалықтар

Жақсы бала-ата-ананың қуанышы

Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектебінде 7 «Ә» сыныбының жетекшісі Төлебай Жазираның  ұйымдастыруымен «Жақсы бала-ата-ананың қуанышы» тақырыбында жаңа форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, баланың өтпелі кезіндегі мінез-құлқында болатын өзгерістерді оң қабылдап, баланың дамуы кезіндегі қиындықтарды шешу жолдарын анықтау. «Құлынымды көз жанарынан танимын» айдарында берілген суреттерден өз балаларының суретін тапты. Жиналыстың соңында  ата-аналар «Жылы жүрек-жақсы тілек» айдарында тілектерін жазып, ризашылығын білдірді.