Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектебінде 7 «Ә» сыныбының жетекшісі Төлебай Жазираның ұйымдастыруымен «Жақсы бала-ата-ананың қуанышы» тақырыбында жаңа форматта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, баламен жақсы қарым-қатынас орнату, баланың өтпелі кезіндегі мінез-құлқында болатын өзгерістерді оң қабылдап, баланың дамуы кезіндегі қиындықтарды шешу жолдарын анықтау. «Құлынымды көз жанарынан […]

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектебінің» 01.10.2023 жылғы жағдай бойынша бюджеті Бөлінген ақша 974 974 100 (тоғыз жүз жетпіс төрт миллион, тоғыз жүз жетпіс төрт мың бір жүз) теңгеЕңбекақы — 616 706 000 — 65,8%Өтемақы төлемдері — 25 322 000 — 2,6%Әлеуметтік салық — 30 010 000 — 3,10%Әлеуметтік мемлекеттік аударымдар — 17 506 […]
9 айда — 9 іс-шара
25 қазан — Республика күніне орай және “ 9 айда — 9 іс-шара” жобасын іске асыру мақсатында Әнұран орындау челенджі өткізілді. Барлық сынып бір уақытта Мемлекеттік Гимінді шырқады.
Менің шағын отаным
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын отаным» аттыҮІ республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңінде«Кішкентай Отанымның символы» атты номинация бойынша10 «Б» сынып оқушысы Сағын Райымбек ІI дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Надирбаева РабиғаРайымбекке сәттілік тілейміз! Биіктерден көріне бер!

Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына! Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді. Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы – аталған оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізумен айналысатын бірден-бір ұйым. Орталықтың ресми сайты – BMSO.EDU.KZАл білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылған барлық оқулықтың PDF нұсқасы тек ҚР […]
111 – AMANAT
✅16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Бұл туралы бүгін @primeministerkz ресми телеграмм каналында хабарлады. 🟢Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. 🟢Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады. 🟢Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті […]
Жемқорлық індет,жою міндет
16.10.2023 ж 9 ғ сыныбы сынып жетекшісі: Жауынбай Арайлым Шабайқызы сынып сағаты тақырыбы: «Жемқорлық індет,жою міндет»Мақсаты:1.Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру2 .Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; дүниетанымдарын кеңейту;3. Патриоттыққа тәрбиелеу;
Менің шағын Отаным

9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VI республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңі өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломымен: «Кіші Отанымның символы» номинациясы бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Сағын Райымбек иеленіп, облысқа жолдама алды.Жетекшісі: Надирбаева Рабиға. «Менің Отанымның тарихы» номинациясы бойынша III дәрежелі дипломымен 10 «Б» сынып оқушысы Тілегенова Мадина иеленді. […]
Біз жемқорлыққа қарсымыз

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 9-16 қазан аралығында білім беру ұйымдарында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» апталығы өтуде. Апталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты- оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Біз жемқорлыққа қарсымыз

13 қазанда Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектебінде «Біз жемқорлыққа қарсымыз» апталығы аясында А.Көбейсінованың ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында пікірталас өткізілді. Пікірталасқа «Ақиқат» дебат клубының мүшелері қатысты. Мақсаты: оқушыларды адалдыққа үйрету.